Жаңалықтар
3 қараша күні Қазақстан тарихы және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының психологы Абдикаримова Гүлмира Бақтиярқызы психологиялық клуб аясында студенттермен кезекті кездесуін өткізді, оған фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының 2 курс студенттері белсене қатысты.
Кездесудің мақсаты студенттердің өзін-өзі түсінуіне және бойында бар дарындары мен қабілеттерін ашуға көмектесу болды. Студенттер де өз ойларын ашық айтып, өз пікірлерін ортаға салып, сезімдерін, көңіл-күйлерін саралай білді.

Қорытындылай келе, барлық клуб қатысушылары өзін-өзі тану – адамның өз «Мендігін», өзінің жеке басының мәнін түсіну, жан-жақты талдау және бағалай білу керек екендігін нақтылады.
Біз өз тарапымыздан студенттерімізге үйірме жұмысына белсенді қатысып, өзекті мәселені зерттеуге қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!
