Жаңалықтар
2026 жылдың 12 наурызында Самарканд мемлекеттік медицина университеті мен «ҚМУ» КеАҚ кафедралары арасында Халықаралық ғылыми студенттік қоғамының (СҒҚ) отырысы өтті. Онлайн форматта өткен СҒҚ отырысына Самарканд мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетінің ішкі аурулар кафедрасының және «ҚМУ» КеАҚ «Отбасылық медицина» кафедрасының оқытушылары мен 6-5 курс интерндері қатысты. СҒҚ тақырыбы «Жүрек ритмі мен өткізгіштігінің бұзылысы, WPW синдромы, Фредерик ж2не Моргани-Адамса-Стокса синдромдары». 6029 топ интерні Бауржанұлы Мағжан баяндамамен сөз сөйледі. Ғылыми жетекшісі – отбасылық медицина кафедрасының ассистент –профессоры Батырбекова Лазат Сарсенбаевна.
Баяндама барысында Аритмия түрлері, классификациясы, диагностикалық критерилері, ЭКГ тереңдой талдау жасалды, аритмиямен науқастарды диспанеризациялау мен науқастарды реабилитациялауға көп көңіл бөлінді. Үйірмеге Самарқант медициналық университетінің ординатор дәрігері де қатасты. Халықақаралық СҒҚ отырысы барысында интерндерге сұрақтар қойылып, олардың клиникалық ойлауы шыңдалды.