Жаңалықтар

Жасанды интеллект медициналық білім беруде
Жасанды интеллект медициналық білім беруде
3 April 2026
2026 жылғы 1 сәуірде «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да «Елтану» бағдарламасы шеңберінде Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында «Жасанды интеллект медициналық білім беруде» атты интерактивті семинары өтті.
Іс-шара медицина саласын заманауи цифрлық жаңғыртуға қызығушылық танытқан оқытушыларды, тәжірибелі дәрігерлерді, резиденттер мен студенттерді біріктірді.
Семинар білім беру процесі мен клиникалық практикаға жасанды интеллект технологияларын енгізудің әлеуетін, мүмкіндіктерін және қиындықтарын талқылауға бағытталды.
Семинарды модератор Б.С. Каукербекова ашып, тақырыптың өзектілігі мен пәнаралық тәсілдің қажеттігін атап өтті.
Семинар жұмысын халықаралық медицина факультетінің деканы Қ.Қ. Сәрсенбаев болашақтың негізгі дағдылары мен жасанды интеллектінің дәрігердің кәсіби құзыреттілігін дамытудаға ықпалына тоқталды.



Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м., А.Ж. Жалдыбаеваның қазақ тілін оқытуда технологияларды ықпалдастыру тәжірибесін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуда AI-құралдарды қолдануға арналған баяндамасы ерекше қызығушылық танытты.
Бағдарлы практикалық аспектіде дайындалған дәрігер-резидент, нейрохирург А.К.Райбаевтың нейрохирургия және медициналық даярлықта жасанды интеллектіні пайдалану мүмкіндіктерін көрсеткен баяндамасы ұсынылды.
Студенттер жасаған баяндамаларында халықаралық тәжірибені талдаумен қатар білім беру үдерісінде ЖИ-дің жан-жақты қолданылатынына тоқталды. Атап айтсақ, Қазақстан мен Үндістан білім беру жүйесін салыстыра отырып өз тұжырымдарымен бөліскен баяндама сәтті шықты. Сонымен қатар, қазақ, орыс, ағылшын тілінде қорғалған баяндамалар білім алушылардың зерттеу белсенділігінің жоғары деңгейін аңғартты.
Талқылау барысында академиялық адалдық мәселелеріне, сондай-ақ білім беруде жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар тәжірибе алмасу, кәсіби диалогты дамыту және болашақ мамандардың цифрлық мәдениетін қалыптастыру үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табыс етілді, ал іс-шара медициналық білім берудегі инновациялық тәсілдерді одан әрі дамыту үшін маңызды алаңға айналды.

133

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026