Жаңалықтар

Кезекті сәтті қорғау!
Кезекті сәтті қорғау!
2 April 2026

2026 жылғы 31 наурызда сағат 10.00-де «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-да философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ли Евгения Александровна  «Терапияның фармакоэкономикалық бағасы бар коморбидті пациенттерде COVID-19 ауыр ағымының клиникалық-зертханалық болжамдары және динамикалық бақылауды оңтайландыру» тақырыбында диссертация қорғауы өтті 8D10100 - Медицина мамандығы бойынша.
Отырысқа диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері, ҚР жетекші мамандары қатысты: м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Баешева Динагүл Аяпбекқызы; «Астана медицина университеті» КЕАҚ инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі Шолпан Әділғазықызы Құлжанова; м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» КЕАҚ респираторлық медицина ҒЗИ директоры Наталья Александровна Латыпова.

Ғылыми консультанттар:

Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды медицина университеті» Басқарма Төрағасы- КеАҚ ректоры.

Ержан Сейполұлы Жүнісов - PhD, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Плэчинтэ Георгий Петрович - м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, Николай Тестемицану атындағы Медицина және фармация мемлекеттік университетінің № 1 медицина факультетінің деканы, Кишинев қаласы, Молдова Республикасы.

Жасырын дауыс берудің қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес ҚР ДСМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы өтініш жасады.

Диссертациялық кеңес докторант пен ғылыми консультанттарды қорғаудың табысты болуымен құттықтайды және одан әрі табыс тілейді!

99

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026