Жаңалықтар
Наурыз айының 7-9 мереке күндері аралығында Қазақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасының «Тарих-өлкетану» үйірмесінің мүшелері Қарқаралыға саяхатқа барды, соның ішінде кең байбақ Сарыарқа өңірінің осынау географиялық көрікті жерлеріне шаңғы тебу және қысқаша экскурсиялар болды. Мен және үйірме жетекшісі Баймұрат Айымгүл (Медицина мектебі 2045 топ), алдын ала тапсырыс берген шағын автобусқа мініп, қоныстанған біздің достық компанияда бұл жолы 16 адам болды, оның ішінде әр түрлі мамандықтардың 2-5 курс студенттері: Медицина мамандығы (2045 топ), сондай ақ ТФП және Биомедицина мамандықтарының студенттері, университетіміздің бұрынғы оқып кеткен студенттері, қазіргі жас дәрігерлері мен оқытушылары.

Өткен жылдардағыдай бұл қысқа сапарларда бізді белсенді демалыс пен салауатты өмір салтына деген құштарлық, өлкеміздің көрікті жерлері мен тарихына деген сүйіспеншілік біріктіреді. Айта кетерлігі, спорттық құрал-жабдықтарды – шаңғы мен етіктерді спорт және денсаулық орталығының жетекшісі Л.В. Коваленко қамтамасыз етті. Саяхат барысында біз Қарқаралы қаласының көркем айналысын аралап, қысқа серуендедік: қала мен оның маңындағы тауларды тамашалайтын шолу алаңына шығып, жергілікті жердің көрікті жері-қабырғалары 1903 жылғы Қарқаралы тұрғындарының жазулары мен қолтаңбаларымен көмкерілген «Үлкен шатыр» үңірінде болдық.

Үңгірдің тереңінен қызылдар мен ақтардың арасындағы азамат соғысында қаза тапқан халық композиторы Мәди Бәпиұлның құрметіне қойылған ескеркіш тасты көрдік. Экскурсия барысында қатысушыларға 1824 жылы негізі қаланған Қарқаралы қаласының тарихы туралы мәліметтер берілді.
Келгеніміздің екінші күні біз жалпы 10 шақырымдай қашықтықты жүріп өтіп, «Сосновый Бор» арқылы шаңғымен саяхаттадық. Осы сапарда біздің ассистент-профессор Е.А. Котов (морфология бөлімі), топтың тұрақты мүшесі, көптеген саяхаттар мен экскурсияға қатысушысы. Әйгілі Шайтан көліне шаңғысыз көтерілдік, бұл жолы өрлеу қыста бірінші болды.

Кешкі уақытта біз әдеттегідей клуб отырыстарын өткіздік, оның барысында қатысушылар презентациялар мен баяндамалар жасады. Астаналық анестезиолог – реаниматолог дәрігер, университетіміздің жалпы медицина мамандығы бойынша бұрынғы түлегі Әсия Кадралинованың баяндамасы жиналғандардың үлкен қызығушылығын тудырды. Ол өз мамандығының ерекше аспектілерімен бөлісті, қиындықтарды талқылады және қызықты мысалдарды келтірді. «Педиатрия» мамандығы бойынша 5008 топ студенті А. Штепа бізге Еуразия құрлығының шалғай түкперіндегі Сахалин аралының тарихы мен табиғаты туралы айтып берді. «Тарих – өлкентану» үйірмесінің басқа мүшелері төтенше жағдайлар министерлігінің отставкадағы подполковнигі И.А. Владимирова мен Қарағандыдағы №1 гимназияның 8 - сынып оқушысы Аркадий Гауфлер фотасуреттерімен бөлісті, дүние жүзіндегі саяхаттарды туралы әңгімеледі.
Зияткерлік ойын мен викторина барлығымызға өте қызықты болды. Оны біздің клубтың тұрақты қатысушысы, Қарағанды қаласындағы Отбасын қолдау орталығының маманы Исина Жұлдыз дайындады. Жұлдыз бізді топтарға бөліп, жетекші сұрақтар мен синонимдер, аурулардың әртүрлі медициналық терминдері мен диагностикасы мен емдеу әдістеріне сүйене отырып, болжауға мәжбүр болды. Екі команда шамамен бірдей ұпай жинады: достық жеңді.

Отырыс «Орман» қонақ үйінің ең үлкен бөлмесінде өтті. Спикерлер мен ғылыми қоғамның жұмысына белсене қатысқаны үшін, мүшелерді кафедра меңгерушісі С.А. Никифорованың қолы қойылған сертификаттар табыс етілді. Біз қарағайдың ауасымен тыныстадық, орманды аралап, жігерлендік, сонымен бірге спикерлерімізден көп нәрсені үйрендік.
Келесі кездескенше!
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының ассистент-профессоры «Тарих-өлкетану» үйірмесінің жетекшісі
А.Б. Долгополов