Жаңалықтар

Шекарасыз студенттік ғылым: Бұхарадағы халықаралық конференциядағы баяндама
Шекарасыз студенттік ғылым: Бұхарадағы халықаралық конференциядағы баяндама
3 April 2026
2026 жылғы 30–31 наурызда Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында «Әбу Әли ибн Сина ілімінен — Үшінші Ренессансқа» атты медицина студенттеріне арналған VI халықаралық конференция өтті. Аталған конференция әр түрлі елдерден келген жас ғалымдар мен зерттеушілерді біріктірді.
Конференция аясында 6В05101 «Биомедицина» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Жұмағали Қожахмет қазіргі заманғы медицинаның өзекті мәселелеріне арналған баяндамамен қатысты. Ғылыми жетекшісі профессор Ахметова Сауле Балтабайқызы.
Баяндама барысында студент терең теориялық білімін, материалды логикалық әрі жүйелі түрде баяндау қабілетін және ғылыми жұмыстың жоғары деңгейде орындалғанын көрсетті. Оның жұмысы қазылар алқасы тарапынан оң бағаланды.
Конференция қорытындысы бойынша Жұмағали Қожахмет II орынға ие болып, «Best Innovative Medical Approach» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Бұл оның жоғары дайындық деңгейін және халықаралық ғылыми алаңда отандық студенттердің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.
112

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026