Жаңалықтар

Қазақстанда иммундау үшін тұлғааралық коммуникация
Қазақстанда иммундау үшін тұлғааралық коммуникация
8 April 2026

2026 жылғы 6-10 сәуір аралығында Қарағанды қаласында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ базасында «Қазақстанда иммундау үшін тұлғааралық коммуникация» жаттықтырушыларға арналған 5 күндік тренинг өтті. Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының техникалық қолдауымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.



Тренинг аясында 5-6 сәуірде университетке ДДҰ-ның Қазақстандағы Өкілі Skender Syla келді. Сапар барысында университет басшылығымен және білім алушылармен (интерндер, докторанттар мен студенттер) кездесулер өтті, сондай-ақ университеттің ғылыми-зерттеу зертханасына, кітапханасына, мұражайына және симуляциялық орталығына бару ұйымдастырылды.

 

Тренингке Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарынан педиатрия, отбасылық медицина, жұқпалы аурулар және эпидемиология кафедраларының 30 оқытушысы қатысты. Қатысушылар заманауи иммунопрофилактика бойынша білімдерін тереңдетіп, вакцинацияға күмәнданатын немесе одан бас тартатын ата-аналармен тиімді қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдыларын пысықтады, бұл болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға және ұлттық иммундау жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.



Білім беру бағдарламаларына ДДҰ-ның иммунопрофилактика және тұлғааралық коммуникация модульдерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Иммундау бойынша дипломнан кейінгі курстың тұжырымдамасы, оны іске асыру жоспары, сондай-ақ дипломға дейінгі оқытуды жаңарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Қарағанды медицина университеті жаңартылған модульдерді оқу силлабустарына біріктіру тәжірибесін ұсынды.


74

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026