Жаңалықтар
2026 жылғы 3 сәуірде Қарағанды медицина университетінде «Тілдерді дамыту орталығы» ұйымдастыруымен ««Елтану» және ғылыми коммуникация контекстіндегі Жаңа Қазақстан» атты университетішілік студенттік ғылыми-теориялық конференция өтті.
Пленарлық отырыста м.ғ.д., профессор В.Б. Молотов-Лучанский және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Д.А. Клюев студенттердің ғылыми бастамаларының маңыздылығын атап өтті. Студенттер үш тілде баяндама жасады. Пленарлық отырыстан соң конференция жұмысы үш секция бойынша жалғасты. Олардың әрқайсысы ғылыми пікірталас пен тәжірибе алмасуға арналған арнайы алаң болды.
1 курс студенттеріне ғылыми жұмыс орындаудың баспалдағы болған бұл конференция, бәсекеге қабілетті, жаһандық еңбек нарығына бағдарланған медициналық мамандарды даярлауда көптілді білім берудің маңызын айқындады.
Іс-шара соңында үздік баяндамалар атап өтіліп, қатысушыларға арнайы номинациядағы сертификаттар табысталды.
