Жаңалықтар

XIII «Біз – әртүрліміз, біз – теңбіз, біз – біргеміз» фестивалі: дәстүр сабақтастығының жаңа белесі
XIII «Біз – әртүрліміз, біз – теңбіз, біз – біргеміз» фестивалі: дәстүр сабақтастығының жаңа белесі
10 April 2026

2026 жылдың 9 сәуір күні университетте Қазақстан халқының бірлік күніне орай XIII «Біз – әртүрліміз, біз – теңбіз, біз – біргеміз!» фестивалі өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілгендей, еліміздегі барлық этностар өкілдерінің бірлігі мен өзара құрметі – мемлекетіміздің берік іргетасы болып табылады. Көпжылдық дәстүрге айналған бұл фестиваль – осы ұстанымдардың жарқын көрінісі.


Оқу ордасында он үшінші рет ұйымдастырылған бұл айтулы шара студенттік өмірдің ең жарқын сәттерін біріктіріп, шығармашылықтың ерекше атмосферасын қалыптастырып, студенттер арасындағы бірлік, өзара достық пен түсіністікті одан әрі нығайта түсті.

Биылғы шараның ерекшелігі – кубоктың бұған дейінгі иегері Қоғамдық денсаулық мектебі фестивальге қолдау көрсетіп, бас жүлдені жаңартуға үлес қосуы болды. Жаңартылған кубок – мызғымас достық пен таусылмас құрметтің символына айналды.

Тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен, мәртебелі кубок биыл № 7 жатақхананың қанжығасына байланды!


№1 жатақхана «Халық биінің сиқыры» номинациясымен марапатталды.

№2 жатақхана көңіл-күй мен ерекше атмосфера қалыптастырғаны үшін «Вайб» номинациясына ие болды.

№3 жатақхана қатысушыларға жігер, батылдық пен шексіз энергия сыйлағаны үшін «Драйв» номинациясын иеленді.

№4 жатақхана «Шығармашылық ізденіс» номинациясымен ерекшеленді.

№5 жатақхана «Артистизм және харизма» номинациясымен марапатталды.

№6 жатақхана «Дәстүрге адалдық» номинациясына лайық деп танылды.


Мереке аясында Өмір туралы ғылымдар институтының студенттері дайындаған бейнероликтері көрсетілді. Бұл жұмыстарда фестивальдің басты құндылықтары шығармашылық тұрғыда көрініс тауып, қатысушылардың белсенділігі мен бастамашылдығын айқын көрсетті.

Зал толы студенттердің қуанышы мен ынтымақтастығы университет тарихында тағы бір алтын бет болып жазылды.

Бұл фестиваль біздің әрқайсымыздың әртүлрлі, тең, бірақ бірге болғанда ғана зор күшке ие екендігімізді тағы бір мәрте ұғындырды.

 Жастармен жұмыс жасау бөлімі.







78

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026