Жаңалықтар
Қарағанды медицина университетінде Басқарма Төрағасы – Ректор Бахыт Нұрғалиевна Кошерованың Түркияның ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Қазақстан Республикасындағы өкілінің орынбасары Али Куртпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
TIKA – тұрақты даму, техникалық және гуманитарлық көмек көрсету, сондай-ақ елдер арасындағы академиялық және институционалдық байланыстарды нығайту бағытында жобаларды жүзеге асыратын жетекші халықаралық ұйымдардың бірі.
Тараптар әріптестікті дамытуға өзара қызығушылық білдіріп, тәжірибе алмасу, заманауи білім беру тәжірибелерін енгізу және академиялық ұтқырлықты дамыту бағыттары бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
TIKA-мен ынтымақтастық университеттің халықаралық байланыстарын нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.