Жаңалықтар

Наурыз шетелдік студенттердің көзімен
Наурыз шетелдік студенттердің көзімен
27 March 2026
Наурыз мерекесін атап өткеннен кейін Қарағанды қаласында көктем мерекесі туралы өз ой-пікірі мен әсерін бейнелейтін фото және бейнежұмыстар конкурсы Халықаралық медициналық факультеттің 2-курс студенттері арасында өткізілді. Конкурстың мақсаты – шетелдік студенттер арасындағы мәдениетаралық коммуникацияны және олардың өмір сүріп, білім алатын қалалық ортаны талқылау болды. Жұмыстар олардың түпнұсқалығы, креативтілігі, фото мен бейнематериалдардың тарихы бойынша бағаланды. Көптеген студенттер Наурызды біздің университетте білім алып жүрген қазақстандық достарымен бірге атап өтті. Олар алғаш рет қазақтың ұлттық тағамдарын татып көріп, әсіресе бауырсақтың дәмін ерекше атап өтті. Студенттердің бейне және фотожұмыстары әр алуандығымен және тың көзқарастарымен ерекшеленді, сондықтан жеңімпаздарды анықтау біршама қиынға соқты. Конкурсқа қатысқан барлық студенттер ұлттық стильдегі символикалық сыйлықтармен және тәттілермен марапатталды. Конкурсты Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ассистент профессоры Мингишева Н.А. ұйымдастырып, өткізді.

111

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026