Жаңалықтар
2026 жылғы 3 сәуірде «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында 1–3 курс резиденттері арасында, сондай-ақ «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖМ студенттерінің қатысуымен «Шұғыл жағдайлар аумағы» атты конкурс өтті. Конкурсқа 5 команда қатысты.
Қатысушылар «Жер сілкінісі» атты симуляциялық сценарий аясында зардап шеккендерге критикалық жағдайларда көмек көрсетті. Сценарий құрылымында келесі шұғыл жағдайлар қамтылды: жабық бас-ми жарақаты кезінде шұғыл көмек көрсету, баладағы клиникалық өлім, ұзақ уақыт қысылу синдромы бар науқасқа көмек көрсету, мұрыннан қан кету, травматикалық шок және басқа да жеңіл жарақаттар.
Қазылар алқасының құрамында практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері және кафедра өкілдері болды: Волков Дмитрий Яковлевич — «ҚМУ» КеАҚ әскери кафедрасының аға оқытушысы; Политов Александр Юрьевич — медицина қызметінің отставкадағы подполковнигі, «ҚМУ» КеАҚ әскери кафедрасының оқытушысы; Овезнепесов Ташли Непесович — «Теміртау жоғары медициналық колледжінің» оқытушысы, Қарағанды облысы ТЖД жоғары санатты фельдшері; Керімбеков Төлеген Икрамович — хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті, докторанты; Еремичева Галина Георгиевна — «ҚМУ» КеАҚ педиатрия және неонатология кафедрасының профессоры, жоғары санатты педиатр дәрігер.
Конкурс қорытындысы бойынша егжей-тегжейлі дебрифинг өткізілді, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

