Жаңалықтар

Өзін-өзі тану туралы сөйлесу
Өзін-өзі тану туралы сөйлесу
7 November 2023

3 қараша күні  Қазақстан тарихы және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының психологы Абдикаримова Гүлмира Бақтиярқызы психологиялық клуб аясында студенттермен кезекті кездесуін өткізді, оған фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының 2 курс студенттері белсене қатысты.

 Кездесудің мақсаты студенттердің өзін-өзі түсінуіне және бойында бар дарындары мен қабілеттерін ашуға көмектесу болды. Студенттер де өз ойларын ашық айтып, өз пікірлерін ортаға салып, сезімдерін, көңіл-күйлерін саралай білді. 

Қорытындылай келе, барлық клуб қатысушылары өзін-өзі тану – адамның өз «Мендігін», өзінің жеке басының мәнін түсіну, жан-жақты талдау және бағалай білу керек екендігін нақтылады. 

Біз өз тарапымыздан студенттерімізге үйірме жұмысына белсенді қатысып, өзекті мәселені зерттеуге қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!


241

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026