Жаңалықтар

Жетекші профессорлар мен оқытушылардың семинарлары.
Жетекші профессорлар мен оқытушылардың семинарлары.
5 December 2024
2-4 желтоқсан күндері Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің жетекші профессор-нұсқаушылары Анаргүл Құнтуғанова, Joseph Almazan және Ejercito Balay-Odao біздің университетте мазмұнды әрі пайдалы семинарлар өткізді. Семинарлар екі бағытта ұйымдастырылды: қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының студенттері, клиниканың медицина қызметкерлері мен университеттің профессор-оқытушылар құрамына арналған.
Студенттер денсаулық сақтау саласындағы зерттеу жұмыстарының негіздеріне терең үңіліп, кәсіби таным көкжиегін кеңейтті және әдіснамалық дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, университет клиникасының оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған семинарларда медициналық ұйымдардағы экологиялық тұрақтылық тақырыбы талқыланып, денсаулық сақтауды дамытудың заманауи тәсілдері қарастырылды.

Курс аяқталған соң қонақтар іс-шараны ұйымдастырған Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Жания Абаевна Даулеткқалиеваға, мектеп ассистент профессоры Жамантаев Олжас Кенжегалиевичке және университет әкімшілігіне алғыстарын білдіріп, семинар қатысушыларының жоғары білім деңгейі мен әлеуетін атап өтті. Мұндай университетаралық кездесулер тәжірибе алмасуға, жаңа білім игеруге және кәсіби байланыстарды нығайтуға тамаша мүмкіндік болып табылады.
 
167

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026