Жаңалықтар

Жасанды интеллект дәуіріндегі психологиялық қауіпсіздік және этика
Жасанды интеллект дәуіріндегі психологиялық қауіпсіздік және этика
17 March 2026

2026 жылғы 12 наурызда Қазақстан тарихы және СПД кафедрасында «Жасанды интеллект дәуіріндегі психологиялық қауіпсіздік және этика» тақырыбында облыстық ғылыми конференция өтті. Конференция үш тілде ұйымдастырылды.

Негізгі мақсаты – психологиялық қауіпсіздік пен этика мәселелерін жан-жақты талқылау, психикалық денсаулық саласында жаңа технологияларды жауапкершілікпен қолданудың маңыздылығын көрсету, сондай-ақ осы бағыттағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.




Конференцияны кафедра меңгерушісі Никифорова Светлана Андреевна қатысушыларға құттықтау сөзімен ашты. Конференция ұйымдастырушылары – кафедраның профессор-ассистенттері: Жунусова К.К., Абдикаримова Г.Б., Оспанова М.Б., Оспанова Ж.Б. – студенттер мен қонақтарды конференция бағдарламасымен таныстырды.

Конференцияға медициналық және стоматологиялық мамандықтардың студенттері қатысты, өз баяндамаларын үш тілде ұсынды.

Қатысушылар мен баяндамалары:

Стоматология мамандығының 4 курс студенттері:

Миратова Д. — «Жасанды интеллекттің психикалық денсаулыққа қолданылуы және оның этикалық салдары»

Токжанова А. — «Стоматологиядағы жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен мәселелер»

Медицина мамандығының 2, 3, 5 курс студенттері:

Шарма Р. — «Жасанды интеллект дәуіріндегі психологиялық қауіпсіздік және этика»

Баимурза А. — «Генеративті жасанды интеллекттің студенттердің сыни ойлау және когнитивтік тәуелсіздігіне әсері»

Талапбек И., Рустем А. — «Жасанды интеллект сыни ойлауға қалай әсер етеді»

Джакхар А. — «Жасанды интеллект терапевт ретінде»

Исмагулова Д. — «Баланың эмоционалды дамуы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде»

Баймуза А. — «Өз-өзін жасанды интеллектпен салыстыру: алгоритмдік ортада өзін кем сезінудің қалыптасуы»

Ижиева С. — «Генеративті жасанды интеллектті пайдалана отырып жеке оқытудың тәуекелдері мен артықшылықтары: мотивация, шығармашылық және атқарушылық функцияларға әсері»

Кенесбекова С. А., PhD (Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті) — «Жасанды интеллекттің адамның психоэмоциялық жағдайына әсері»

Санхаева А. Н., PhD (Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті) — «Педагогикадағы жасанды интеллект».


Қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, психикалық денсаулық саласында жасанды интеллектті қолданудың перспективаларын талқылады. Әрбір баяндаманың кезінде қонақтар мен студенттер қызықты сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты. Әр баяндама аяқталғаннан кейін қонақтар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, кері байланыс алу мүмкіндігіне ие болды.

Осылайша, конференция жасанды интеллект пен психологиялық қауіпсіздік мәселелерін ғылыми түрде талқылауға маңызды алаңға айналды. Нәтижесінде қатысушылар жаңа білім алды және болашақта психикалық денсаулық саласында технологияларды қауіпсіз әрі этикалық қолдануға бағытталған ұсыныстар жасады.

Конференцияның соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс айтып, оларды сертификаттармен марапаттады.

Конференция қонақтары ретінде Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері қатысты.

148

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026