Жаңалықтар

Жас ғалымдар мектебі қатысушыларының жетістіктері
Жас ғалымдар мектебі қатысушыларының жетістіктері
12 September 2023
Университетте өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында: «Когнитивті бұзылулар: диагностика, терапия және превенциядағы басым бағыттар. Гериатриялық науқас: белсенді ұзақ өмір» Жас ғалымдар мектебі ұйымдастырлыды. Докторантура, магистратура, бакалавриат студенттері қызықты баяндамалар жасады. Мектеп қатысушыларын таныстырып өтсек.

I дәрежелі Диплом

1.Ходжакулова Умида Абдывалыевна-докторант, «ОҚМА» АҚ («МСАК деңгейінде гериатриялық науқастарды когнитивті оңалту»).

II дәрежелі Диплом

1. Яблонская Виктория Юрьевна - «Мейіргерлік ісі» мамандығының магистранты, «ҚМУ» КеАҚ («Церебральды инсульттан кейінгі пациенттерде логотерапияның сөйлеу және когнитивті функцияларды дамытуға әсері»;

2.Воронова Светлана Геннадьевна - «Мейіргер ісі» мамандығының студенті, «ҚМУ» КеАҚ («Авиценна» медициналық орталығы бойынша жатыр мойны обырын диагностикалау мен алдын алудағы мейіргердің рөлі»).

III дәрежелі Диплом

1. Еспенбетова Әлия Теміржанқызы - «Мейіргер ісі» мамандығының студенті, «ҚМУ» КеАҚ («Жатыр мойны обырындағы мейіргердің процесі»);

2. Саутхан Әйгерім, «Мейіргер ісі» мамандығының студенті, «КМУ»КеАҚ

(«Жүректің ишемиялық ауруы кезіндегі мейіргерлік күтім»);

3.Аршкенов Асыл Болатұлы, «КМУ» КеАҚ мейіргерлік білім беру мектебінің 1 курс магистранты («Жүрекке операциядан кейінгі пациенттердегі когнитивті бұзылулар»).
331

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026