Жаңалықтар

Жас ғалымдар байқауы
Жас ғалымдар байқауы
16 June 2022

«XXI ғасырдағы еңбек медицинасы: жұмыс істейтін халықтың денсаулығын сақтау мәселелері» конференциясы шеңберінде жас ғалымдар конкурсы өткізілді. Профессор, м.ғ.д. Г.С. Агзамова (Ташкент медициналық академиясы) бастаған құзыретті қазылар алқасы постерлік баяндамалардың барлығын жан-жақты зерттеді.

Қазылар алқасының мүшелері: м.ғ.д., профессор Ш.С. Қойгельдинова («ҚМУ» КеАҚ); м.ғ.к., профессор Ж.А. Жагипарова («СМУ» КеАҚ Павлодар филиалы); м.ғ.к., профессор М.Г. Калишев («ҚМУ»  КеАҚ); м.ғ.к., профессор С.Р. Жакенова («ҚМУ» КеАҚ).

I дәрежелі дипломмен «ҚМУ» КеАҚ резиденті М.А. Попова, жетекшісі - профессор Л.К. Ибраева марапатталды.

II орынды «ҚМУ» КеАҚ докторанты Д.Е. Төлегенова мен «ҚМУ» КеАҚ резиденті О.С. Классен бөлісті.

III дәрежелі дипломдармен «АМУ» КеАҚ магистранты А.К. Сисенова, жетекшісі - профессор А. А. Исмаилова; «АМУ» КеАҚ магистранты Ш.К. Кульбаева, жетекшісі - м.ғ.к., қауымд.профессор А.К. Тургамбаева, кеңесші - м.ғ.д., профессор А.А. Мусина; «ҚМУ» КеАҚ резиденті Е.И. Семашко, жетекшісі - профессор Ибраева Л.К.

Қазылар алқасының төрайымы-профессор Г.С. Агзамова мен ҚД және КАК институтының директоры профессор Б.К. Омарқұлов жүлдегерлерді құттықтап, еліміздің денсаулық сақтаудың білікті мамандарының болашағы үшін практикамен қатар ғылыми қызметтің жалғасатынына үміт білдірді.

267

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026