Жаңалықтар

Жарақат пен инсульттен кейінгі науқастарды қалпына келтіру мен күтудегі инновациялар және заманауи тәсілдер
Жарақат пен инсульттен кейінгі науқастарды қалпына келтіру мен күтудегі инновациялар және заманауи тәсілдер
17 October 2025
2025 жылдың 9-10 қазанында Қарағанды қаласында Қарағанды облысындағы травматология қызметінің негізін қалаушысы профессор Х.Ж. Мақажановтың 110 жылдығына және «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның 75 жылдығына арналған «Травматология, ортопедия және реабилитациядағы заманауи тәсілдер: инновациялар және практикалық қолдану» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Травматология, ортопедия және реабилитациядағы заманауи тәсілдер бойынша әртүрлі сұрақтармен конференцияға Түркия, Пәкістан, Ресей, Қытай, Корея, Германия, Польша, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстан және Судан елдерінің мамандары мен ғалымдары қатысып, іс-шараның халықаралық деңгейін және маңыздылығын атап өтті.
«Жарақат пен операциядан кейінгі науқастарды қалпына келтірудегі мейіргерлік күтімнің рөлі» секциясына Мейіргерлік білім беру мектебінің 2 курс магистранттары Батаа Б. («Инсульттен кейінгі жоғарғы аяқ-қол парезі бар науқастарды мейіргерлік сүйемелдеудің мүмкіндіктері мен болашағы», ғылыми жетекшісі Киспаева Т. Т), Жексенбаева А. С. («Өзін-өзі басқару мен проприонейромышечная фасилитация әдісін үйлестірудің инсульттен кейінгі науқастардың жүру қабілетіне әсері», ғылыми жетекшісі Т. Т. Киспаева), Кайыржанова Н. С. («Инсульттен кейінгі дизартрия кезінде логотерапияның тиімділігі», ғылыми жетекшісі Киспаева Т.Т.) қатысты. Магистранттардың баяндамалары өзектілігімен, тәжірибелік бағыттылығымен ерекшеленіп, реабилитация саласындағы мейіргерлік істің заманауи даму үрдістерін көрсетті.

281

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026