Жаңалықтар
"Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Қоғамдық денсаулық мектебінің "Қоршаған орта гигиенасы" білім беру модулінің оқытушылары 2025 жылдың 14 ақпанында "Жалпы гигиенаның өзекті мәселелері" тақырыбында халықаралық студенттік онлайн-олимпиаданы ұйымдастырып, оны сәтті өткізді. Бұл іс-шара студенттерді даярлау сапасын бағалауға, олардың теориялық білімдерін одан әрі тереңдетуге және нығайтуға, сондай-ақ олардың кәсіби дамуына ықпал етуге бағытталған.
Зияткерлік сайысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Әзірбайжанның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының "Қоғамдық денсаулық/Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері қатысты.
Олимпиада барысында алған білімдері мен дағдыларын тексеру ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды платформа болды.
Қатысушылар жоғары білім деңгейін және пәнді оқуға қызығушылық танытты. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Қарағанды медицина университетінің студенттері арасында жүлделі орындарға Әлімбаева Ақбота, Ақмаржан Мамырхан, Миненко Анна және Мамутов Рахманжан ие болды. Жүлдегерлерді даярлауға профессор М.Г. Калишев, ассистент-профессор С.И. Рогова, қауымдастырылған профессор Талиева Г.Н., ассистент-профессор Шайхина Ж.К. және оқытушы-зерттеуші Токтибаева Г.Ж. көп үлес қосты.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және олимпиаданың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз. Медицина ғылымын дамытуға және білім беруге қосқан үлестері үшін оқытушыларға рахмет!