Жаңалықтар
2025 жылғы 10-15 сәуір аралығында «Building Educational and Research Capacities in Nutrition and Dietetics in Central Asia» («Орталық Азияда тамақтану және диетология саласында білім беру және зерттеу әлеуетін құру») Erasmus+ 101082831 – BERNICA – ERASMUS-EDU-2022-CBHE жобасы бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасының медициналық университеттерінде халықаралық күндер өтті: Ташкент медицина академиясы (Ташкент қ.), Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты (Бұхара қ.). Іс-шараға Қазақстан (Қарағанды медицина университеті, Асфендияров атынд. Қазақ ұлттық медицина университеті), Қырғызстан (Халықаралық жоғары медицина мектебі, Ош мемлекеттік университеті), Тәжікстан (Авиценна атынд. Тәжік мемлекеттік медицина университеті, Хатлон мемлекеттік медицина университеті) өкілдері қатысты. Қарағанды медицина университетін профессор Ибраева Лязат Катаевна, асс. профессор Бачева Ирина Викторовна таныстырды.
Халықаралық күндер аясында Ташкент медицина академиясы және Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының ректорларымен кездесу өтті, онда медициналық білім берудің халықаралық проблемалары, пациенттерді нутритивтік қолдау және тамақтану сұрақтары талқыланды. ЖОО инфрақұрылымымен, зертханалармен, клиникалық базалармен танысу өтті.