Жаңалықтар
Ынтымақтастық стратегиясы
24 November 2025
«ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова П. Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінде өткен «Өркениеттің тұрақты дамуы мақсатында: ынтымақтастық, ғылым, білім, технология. ТМД елдерінің 17 ТДМ-ға дейінгі жолы: кешенді тәсіл» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Конференция 1400-ден астам қатысушыны, 55 елден 200-ден астам халықаралық ұйымдардың сарапшыларын біріктірді.
.png)
Б.Н. Көшерова пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі: қазіргі жағдайы және даму перспективалары» тақырыбында баяндама ұсынды. «ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры ТДМ бойынша «Денсаулық, салауаттылық және денсаулық сақтаудың орнықты дамуы» тақырыптық сессиясының модераторы болды.
Кездесулер аясында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Б.Н.Көшерова мен П. Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің ректоры О.А. Ястребов арасында ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім бірлескен зерттеу және білім беру жобаларын іске асыру, білім алушылардың педагогикалық, ғылыми кадрлармен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
.png)
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026