Жаңалықтар

Вакцинация мәдениетіне қосқан үлес: Иммундау апталығы аясындағы дөңгелек үстел
Вакцинация мәдениетіне қосқан үлес: Иммундау апталығы аясындағы дөңгелек үстел
12 May 2025
Жыл сайынғы Иммундау апталығы аясында ішкі аурулар кафедрасының ұйымдастыруымен «DiVera» облыстық аллергология орталығында дөңгелек үстел өткен болатын. Іс-шара жылы әрі сындарлы атмосферада өтіп, білім, кәсіби тәжірибе және ғылыми көзқарастармен алмасатын маңызды алаңға айналды. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты — профилактикалық медицинаның ең тиімді құралдарының бірі ретінде вакцинацияның маңыздылығына медициналық қоғамдастықтың және жалпы жұртшылықтың назарын аудару болды.
Инфекциялық аурулардың саны өсіп, әртүрлі елдерде вакциналауға қарсы көзқарастар күшейіп отырған жағдайда, болашақ мамандардың иммунопрофилактиканың ғылыми негіздері мен қоғамдық маңызын терең түсінуі ерекше маңызды.
Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның иммунология бөлімінің профессорлық-оқытушылық құрамы, «Аллергология және иммунология» мамандығы бойынша резиденттер, нефрология резиденттері, 4-021 ОМ тобының студенттері, сондай-ақ «DiVera» облыстық аллергология орталығының дәрігерлері қатысты. Іс-шараның модераторы — ассистент-профессор Ольга Юрьевна Дедова қазіргі иммунологияның практикалық денсаулық сақтаумен тығыз байланысты екенін және сауатты вакцинация көптеген қауіпті ауруларды тиімді бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Дөңгелек үстел аясында келесі баяндамалар ұсынылды:
1 курс резиденті Д.К. Табынбаева — «HPV және пневмококк инфекцияларына қарсы вакцинация»;
1 курс резиденті М.И. Налобина — «Вакцина компоненттеріне аллергия»;
ассистент-профессор М.Р. Измайлович — «Вакцинациядан кейінгі аллергиялық реакцияларды емдеу».
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар медициналық қоғамдастықтың халықты ағартуға, иммунопрофилактика бойынша білім беру бағдарламаларын кеңейтуге және осы саладағы ғылыми зерттеулерді қолдауға белсенді қатысу қажеттігін бірауыздан атап өтті.
Өткізілген іс-шара кафедраның вакцинация мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесіне айналып, студенттер мен медицина мамандарының иммунопрофилактиканың өзекті мәселелерін талқылауға жоғары қызығушылық танытқанын көрсетті.



304

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026