Жаңалықтар

Университеттер арасында білім алмасу
Университеттер арасында білім алмасу
28 November 2025
2025 жылғы 24-28 қараша аралығында «Визитинг-профессор» бағдарламасы аясында университетімізге Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Омбы мемлекеттік медицина университеті» ЖКБ ФМББМ жетекші мамандары келді: еңбек гигиенасы және кәсіптік патология кафедрасының меңгерушісі Плотникова Ольга Владимировна, м.ғ.д., доцент, сондай-ақ гигиена және тамақтану кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Турчанинов Денис Владимирович. Олар «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтарының студенттеріне арналған коммуналдық гигиена және тамақтану гигиенасы бойынша проблемалық дәрістер оқыды.
Дәріс барысында ресейлік әріптестер кәсіби шеберлігі мен педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетті. Дәріс материалдары жаңашылдығымен және бірегейлігімен ерекшеленіп, көптеген қызықты мысалдарға толы болды.
Сапар барысында сондай-ақ бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуді және ғылыми жарияланымдар дайындауды қоса алғанда, кафедралар арасындағы одан арғы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды.
Бос уақытында «ҚМУ» КеАҚ қонақтары Қарағанды қаласының көрікті жерлерімен танысты.

308

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026