Жаңалықтар
«Травматология, ортопедия және оңалтудағы заманауи тәсілдер: инновация және практикалық қолдану»
14 October 2025
Қарағандыда Қарағанды облысының травматологиялық қызметінің негізін қалаушы профессор Х.Ж.Мақажановтың туғанына 110-жыл толуына және «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның 75-жылдығына арналған «Травматология, ортопедия және оңалтудағы заманауи тәсілдер: инновациялар және практикалық қолдану» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті..png)
Конференция бағдарламасына қазақстандық ортопед-травматологтар қауымдастығы мен Азия-Тынық мұхиты ортопедиялық қауымдастығының бірлескен отырысы; Қазақстан Республикасы өңірлерінің бас штаттан тыс ортопед-травматологтарының отырысы; «Батпенов оқулары» жас ғалымдар байқауы кірді.
Конференцияға әлемнің түкпір – түкпірінен-Қазақстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Түркия, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Австрия, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Хорватия, Польша, Словениядан 900-ге жуық жетекші медициналық, ғылыми қайраткерлер қатысты.
.png)
Конференция қызу ғылыми пікірталастар алаңына, одан әрі даму мен ынтымақтастық үшін перспективалы платформаға айналды.
Бүгін Қазақстандағы травматология және ортопедия қызметінің дамуы мен жетістіктері туралы айта отырып, бірінші кезекте оның негізін қалаушы - ортопед-травматолог, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Хафиз Жаңабайұлы Мақажанов туралы айтамыз. Бұл Ұлы Отан соғысынан өткен, Орталық Қазақстанда хирургиялық және травматологиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқан, хирургтардың, травматолог-ортопедтердің ғылыми қауымдастығын құрған бірегей адам.
.png)
Хафиз Жаңабайұлы Қарағанды медициналық институтының даму тарихында ерекше орын алады. 1958 жылы университетте Х.Ж.Мақажанов көптеген жылдар бойы басқарған травматология, ортопедия және әскери-далалық хирургия кафедрасы ұйымдастырылды. Бүгінгі күні хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Берік Еркебұланұлы Төлеубаев профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы болып табылады. Қарағанды медицина университетінің жүздеген түлектері осы жылдар ішінде хирургия, травматология, ортопедия саласындағы ірі мамандарға айналды. Хирургиялық аурулар кафедрасы бүгінде Қарағанды медицина университетінің мақтанышы болып табылады.
.png)
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026