Жаңалықтар
Театр әлеміне саяхат
2025 жылдың 20 ақпан күні, Стоматология мектебінің ассистент профессоры Исина Зауреш Екпиновна мен оқытушы Курдабаева Айгуль Саттаровнаның ұйымдастыруымен, 4-003 және
4-005 топтарының білім алушылары, Абай Құнанбаевтың шығармашылығын "Толық адам" тұжырымдамасы бойынша зерделеу және насихаттау және ұрпақты рухани тұрғыдан қалыптастыру мақсатында театр әлеміне шолу жасап, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ғимаратында өткен «Жас абай» атты қойылымның көрермендері болды. Қойылымды білім алушылармен бірге қонақ ретінде Стоматология мектебінің деканының орынбасары Омарова Айнур Куралбековна тамашалады.
Қойылым соңында Білім алушылар ғимараттың ішіне шолу жасап, рухани байлықтарын арттырып, тамаша көңіл күйде тарады.