Жаңалықтар

Тарихы бар дәстүр
Тарихы бар дәстүр
12 March 2025
Тарихы бар дәстүр
Өңіріміздің тарихи-географиялық көрікті жерлеріне саяхат жасауды, дене шынықтырумен және белсенді, салауатты өмір салтын ұстанумен ұштастыру қазірдің өзінде жақсы дәстүрге айналған. Сонымен, бұл жолы мереке күндері 8-10 наурыз аралығында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының тарихи-өлкетану үйірмесінің мүшелерімен және ҚМУ студенттері мен оқытушыларымен – Сарыарқаның тарихы мен табиғатын сүйетіндермен көркем өнерпаздармен бірге
(бұл жолы 14-адам жиналдық), Қарқаралы таулы орман оазисіне бардық.
Желді және салқын ауа райына, толассыз боран мен қарға қарамастан, қала бойынша экскурсияларымызда тарихи ескерткіштердін бастадық:
- 1851 жылы салынған мешіттің жанына қойылған Құнанбай мен Абай – әке мен бала ескерткіші;
- мемориал – 1918 – 1921 жылдардағы сұрапыл азамат соғысы кезінде ақтардың қолынан қаза тапқан 78 коммунарға арналған ескерткіші;
- Қарқаралылық аудандық жауынгерлерге арналған ескерткіші;
- 1979 – 1989 жылдары интернационалдық борышын өтеген Қарқаралы аудан
ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіші; басқа да есте қаларлық орындарды араладық. Сонымен бірге, осы ескерткіштердің әрқайсысына бірнеше минуттан ғана түсінік берілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев айтқандай, «өткеннен сабақ алу..., кінәлілерді іздемеу...» қажет. «Тарихымыздың кеңестік кезеңі», одан «Қазақстан үшін жағымсыз ғана емес, жағымды оқиғаларды да ...» көру.
Келесі күні шаңғымен «Сосновый Бордаға» саяхат жасадық. Спорттық құрал-жабдықтарды – шаңғылар мен етіктерді сәйкес келетін етіп, әдеттідей, мұндай сапарларда Л.В. Коваленко дене шынықтыру орталығының үлесі зор.
Кешке қонақ үйдегі кешкі астан кейін, біз дөңгелек үстел отырысына жиналдық. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мектебінің 1027 тобының студенті Абылай Төлеев өз баяндамасында Қазақстан Республикасының атақты өнер шебері, балетмейстер Болат Аюханов туралы қызықты баяндама оқып, әңгімелеп берді. Оның басшылығында Абылай оқуға түскенге дейін бірнеше жыл бірге қызмет жасап, қызығушылық танытқан.
Абылай еңбек еткен әр жерінен үзінділер түсірілген фотосуреттер мен видиеолар көріп, балет солисті мамандығы туралы көптеген қызықты мәліметтер алдық. Қызықты әрі мазмұнды баяндамасы үшін барлығымыз қол шапалақтап, қошеметпен марапаттадық!
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі С.А. Никифорованың қолы қойылған сертификат табыс етілді.
Дәстүр бойынша баяндамадан кейін шағын музыкалық кеш өтті; «Медицина» мектебінің 1045 тобының студенті Айымгүл Баймұрат гитарамен әндер орындады: қазақша да, орысша да.
Осылайша, біз дәстүрімізді бұзбауға тырыстық, өйткені... Қарқаралыға барған күндері қызықты оқиғаға және қала бойынша жаяу жүру, шаңғымен сырғанау, кешкі серуендер мен музыкалық кештерге толы болды!
Кафедраның тарихи-өлкетану үйірмесінің келесі кездесулері мен саяхаттарына дейін!




Тарихи-өлкетану үйірмесінің жетекшісі: ассистент-профессор А.Б. Долгополов
264

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026