Жаңалықтар

Тарихи - өлкетану үйірмесінің отырыстары
 Тарихи - өлкетану үйірмесінің отырыстары
31 October 2025
Осы семестрде Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының «Тарихи-өлкетану» үйірмесі демалыстан кейін жұмысын жалғастырды. Алғашқы екі кездесу қазан айында өтті, әдеттегідей 2 қазан күні Назарбаев 50 көшесіндегі 5 корпус ҚМУ-дың ғимратының 301 аудиториясында өтті.
Екі презентация ұсынылды: Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының ассистент-профессоры О.А. Ковтун «Баку – Кавказ інжу-маржаны»; және «Педиатрия» мамандығының 2 курс студенті Яна Ким «Самарқандтың тарихы ескерткіштері» атты баяндама жасады. Баяндамашылар Закавказьедегі ортағасырлық ең көне қалалардың бірі Баку мен Орталық Азиядағы 2500 жылдық тарихы бар Самарқандтың тарихи ескерткіштерін қызықты әрі тартымды сипаттады. Біз фотасуреттер мен бейнематериалдарды көрдік, мұсылман Шығысының осы көне қалаларырың қызықты және аз таныс жерлерін араладық!





16 қазан күні біздің үйірменің кезекті отырысы өтті. Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының ассистент - профессоры
А.И. Онгарбаева Вьетнамға барған сапары туралы презентация жасап, ол жақтан алынған қызықты кәдесыйлармен туристік және тарихи орындар туралы деректермен бөлісті. Көрермендердің көңілдері көтеріңкі, әсіресе Айман Игілікқызының туристер келетін үңгірлер мен оларда сақталған көне Будда мүсіндері туралы айтты.
Келесі баяндаманы «Тарихи – өлкетану» үйірмесінің жаңа мүшесі, «Медицина» мамандығының 1042 тобының студенті Қайырбек Әлішерге берілді. Ол орта ғасырдағы ең ірі түркі этносы қыпшақтардың, сондай-ақ қазақтардың өздерінің этногенезіне фин-угор тайпаларының қатысуына арнады. Презентацияның керемет қолжетімді, бірақ ғылыми стилін, сондай-ақ спикер қолда бар дереккөздерге сүйене отырып, көптеген қызықты фактілерді атап өткім келеді. Келесі кезекте «Тарихи – өлкетану» үйірмесінің ұзақ жылдар болған мүшесі Игорь Фисенконың (ҚМУ-дың «Жалпы медицина» мамандығының үздік студенттерінің бірі), өз кәсібі туралы облыстық балалар аурухасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері ол бұл мамандықтың жағымды жақтары мен болашақта жас дәрігерлердің алдында тұрған қиындықтарға тоқталды.



Өзінің дәрігерлік тәжірибесінен қызықты мысалдар мен Игорьдің ашықтығының арқасында студенттер өздеріне көптеген тұстарды бөліп көрсете алды, сол үшін аға әріптесімізге ерекше алғысымызды білдіреміз! Презентациялар мен баяндамаларға қатысушылардың барлығына кафедра меңгерушісі С.А. Никифорова қол қойған үйірменің белсенді мүшелеріне естелік сертификаттар берілді.
Біздің үйірме мүшелері студенттерді, жас дәрігерлерді, мұғалімдерді – өңіріміздің – Сарыарқаның және бүкіл Қазақстанның географиялық және тарихи көрікті жерлеріне қызығушылық танытқандардың басын біріктірді.
Қыста, көктемде және жазда жасаған сапарларымызға қызығушылық танытқандары үшін «Ютуб КГМУ» каналы бар:
8. https://youtu.be/Db8nbZi4fyU
Қысқы серуен Қарқаралы 2024.
9. https://www.youtube.com/watch?v=OvhIFz3imNo&ab_channel=YouKMU
Бурабайға экскурия 9 – 11 мамыр 2025 жыл
28.10. 2025 ж.
Сондай-ақ баршаңызды біздің үйірмесінің алдағы кездесулеріне шақырамыз!
Баймұрат Айымгүл – «Медицина» 2045 тобының студенті тарихи-өлкетану үйірмесінің мүшесі.
А.Б. Долгополов – тарихи-өлкетану үйірмесінің жетекшісі.
302

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026