Жаңалықтар

Тәжірибелік зерттеулердегі биоэтика тақырыбы бойынша Қарағанды және Астана медицина университеті студенттерімен жүргізілген пікірталас платформасы
Тәжірибелік зерттеулердегі биоэтика тақырыбы бойынша Қарағанды және Астана медицина университеті студенттерімен жүргізілген пікірталас платформасы
17 February 2025

Тәжірибелік зерттеулердегі биоэтика тақырыбы бойынша Қарағанды және Астана медицина университеті студенттерімен жүргізілген пікірталас платформасы

 

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ физиология кафедрасы «Патологиялық физиология» блогы профессор-оқытушы құрамы ұжымы мен Астана медицина университеті Корпачев атындағы «Патологиялық физиология» ұжымының ұйымдастыруымен, жалпы медицина факультеті студенттері арасында тәжірибелік зерттеулердегі биоэтика тақырыбы бойынша пікірталас платформасы жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: ҚМУ КеАҚ физиология кафедрасы «Патологиялық физиология» блогының қауымдастырылған профессоры Абдикадирова Хамида Рахимовна, кафедра меңгерушісі Мхитарян Ксения Эдуардовна, Астана медицина университетінің Корпачев атындағы «Патологиялық физиология» кафедрасының доценті Ерментаева Л.Н., оқытушы Аринова С.М., ал спикерлер - профессор Жаутикова С.Б. және профессор Тажибаева Д.С., профессор Бегларова Г.Е.

Қатысушылар: ҚМУ КеАҚ профессор – оқытушы құрамы; Абикенва Ф.С., Жиенбаева Қ.М., Сулейменова Б.М., Барышникова И.А., Жалмаханов М.Ш., Иллахи М., Бакарамова Г.А., Оспанова М.Д. және Астана медицина университеті Корпачев атындағы «Патологиялық физиология» ұжымы.

Осы пікірталас барысында екі оқу ордасының студенттері тәжірибе барысында биоэтиканың маңыздылығы туралы пікір алмасып қана қоймай, оның эксперименттік медицинада қолданыс аясының кең ауқымдылығы, жан-жақтылықтылығы, тереңдігі туралы ойларын ортаға салды.

Бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқынымен туындаған клиникалық зерттеулерді жүргізудің орындылығы мен маңыздылығында туралы, соған қарамастан, биомедициналық зерттеулерде субъектілер ұшырайтын қауіп мәселесі олармен байланысты бірқатар этикалық-құқықтық мәселелері жайлы пікір алмасты. Биомедициналық эксперименттер адам өміріндегі ең қымбат нәрсемен айналысады — бұл адам өмірі мен денсаулығы. Жаратылыстану эксперименті танымның негізгі әдісі ретінде қазіргі уақытта этикалық бейтарап болып саналатындығы туралы пікірлер білдірді.

 

Сондай-ақ, жануарларды сынаудың орнына жасанды интелекті қолдануға бола ма? Жануарларды сынау әлі күнге дейін дәрілер мен вакциналарды сынаудың негізгі әдісі болғанымен, зерттеушілер адам мүшелерінің, тіндерінің және биологиялық жүйелерінің мінез-құлқын қайталайтын есептеу модельдерін жасау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады, бұл оларға адамдардың заттарға қалай жауап беретінін болжауға мүмкіндік беретіндігі туралы мәселелер қозғалды.

Кейбірі жасанды интелектіні медициналық экспериментпен алмастыру, олардың қаншалықты маңыздылығы мен оң және кері әсерлері туралы, бұл жануарларды ұқсас эксперименттерді қайталаудан, ал ғалымдарды тонналап құжаттар арасында нақты фактілерді ізденуден құтқарады, әрі жануарларға жасалған сынақтарға қарағанда дәлірек десе, кейбіреулері адам препараттарын жануарларға сынау әрқашан пайдалы емес, содан кейін адамдар күтпеген жанама әсерлерді сезінеді деп пікір алмасса, басқалары жануарларды сынау «бір түнде жоғалып кетпейтінін» және жануарларды дәрі-дәрмектерді сынау үшін пайдалану «дәлелді себептермен көптеген аспектілерде міндетті» екенін атап өтті.

Екі жақты кездесу керемет бір ынтымағы жарасқан достық және жылы жағдайда өтіп қана қоймай, болашағымыз бен кемеңгер келешегіміздің алтын тұтқасын ұстайтын, білім-ғылым сүйер шәкірттеріміз үшін мәні мен мағынасы терең, ойға-ой қосар, жан-жақтылыққа баулыйтын мықты пікіралмасу болғаны хақ!

 

 

 

298

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026