Жаңалықтар
Әскери кафедраның түлектері запастағы лейтенант атанды
Барлық жоғары оқу орындарында оқу бітірген студенттерге диплом табыстау рәсімі жүріп жатыр. «Запастағы медицина қызметінің лейтенанты» және «Запастағы лейтенант» әскери атағын алған Қарағанды медицина университеті әскери кафедрасының түлектеріне погондарды табыстау миссиясы біздің кафедра үшін жыл сайынғы қалыптасқан дәстүрге айналды.
Осы мақсатта әскери кафедра қызметкерлері Қарағанды медицина университеті Медицина мектебі студенттерінің бітіру салтанатына барды, сондай-ақ Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде және академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде погондар табыстады.
.png)
Биыл Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қарағанды медицина университетінің 50 түлегіне «Запастағы медицина қызметінің лейтенанты» әскери атағы, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 13 түлегіне және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің 1 түлегіне «Запастағы лейтенант» әскери атағы берілді.
Біздің кафедра түлектерін шын жүректен құттықтаймыз және оларға алған әскери атақтарын абыроймен алып жүруді тілейміз!