Жаңалықтар
«Сессия» сөзі студенттердің жүрегін, әсіресе медициналық оқу орнында тез соғуға мәжбүр етеді, өйткені оқу оңай емес.
«Медицин» және «Педиатрия» білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері үшін бұл ең қиын уақыт, өйткені олар күрделі және жауапты ОҚКЕ (объективті құрылымдық клиникалық емтихан) тапсыруға кірісті.
3 курста оқыту пәндердің сабақтастығын көздейтін іргелі және клиникалық пәндердің материалдарын біріктіретін интеграцияланған модульдік жүйе бойынша жүзеге асырылады, тиісінше бағалау ОҚКЕ түрінде интеграцияланған нысанда жүргізіледі. Бұл емтихан интеграцияға қатысатын алты кафедрамен бірлесіп, симуляциялық орталық базасында өткізіледі.
Студентке арналған ОҚКЕ-нің мәні-төрт жүйе (тыныс алу, жүрек - тамыр, қан және тірек-қимыл жүйесі) бойынша, нақты клиникалық жағдайларда игерілген білім мен дағдыларды көрсету.
Тапсырмалар станциядан станцияға өту кезінде ұзақ күтусіз және тоқтаусыз айналмалы қағида бойынша станциялардан өту мүмкіндігі сақталатындай етіп таңдалады.
Барлық емтихан тапсырушылар бірдей сынақтардан өтеді, жоспарланған кестеге сәйкес станциядан станцияға ауысады. Станцияда тапсырманы орындау ұзақтығы - 12 минут. Барлық станциялар бейнежазба және аудиожазбамен қамтамасыз етілген. «Тірек-қимыл жүйесі патологиясындағы клиникалық-морфофункционалды, биохимиялық деректерді түсіндіру және фармакологиялық түзету. Коммуникативті дағдылар» станциясында, студенттер тәжірибелік және коммуникативті дағдыларды көрсететін, стандартталған пациент бар. Тапсырмаларды орындау нәтижелері электрондық чек-парақтардың көмегімен бағаланады.
Осылайша, ОҚКЕ - кешенді емтихан ғана емес, бұл бағалау жүйесін стандарттайтын және құзыреттілікті сенімді бағалауды қамтамасыз ететін жеткілікті жоғары сенімділік дәрежесі бар, білім алушылардың білімі мен дағдыларын тексерудің жарамды құралы болып саналады.
Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы