Жаңалықтар

Шолпан Сабатаевна Қалиева ДДСҰ TAG-AwaRe (Access, Watch, Reserve) консультативтік тобының мүшесі болып сайланды.
Шолпан Сабатаевна Қалиева ДДСҰ TAG-AwaRe (Access, Watch, Reserve) консультативтік тобының мүшесі болып сайланды.
26 March 2025
Шолпан Сабатаевна Қалиева ДДСҰ TAG-AwaRe (Access, Watch, Reserve) консультативтік тобының мүшесі болып сайланды.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі әлемге әйгілі 28 ғалымның тізіміне енді. Олар ДДСҰ-ға антимикробты препараттарды қолдану, бақылау және басқару, AWaRe үшін ДДСҰ-ның басым бағыттағы нұсқаулық құжаттарын енгізу, AWaRe негізінде келешектегі көрсеткіштер мен мақсаттарды әзірлеу, енгізу және бағалау бойынша тәуелсіз пікір мен кеңес беретін болады.

Бұл Шолпан Сабатаевнаның антимикробтық резистенттілікке (AMR) қарсы күрестің белсенді жақтасы ретіндегі көпжылдық еңбегінің мойындалуы болып табылады. Ол Қазақстандағы AMR мониторингін жүргізу жөніндегі ДДСҰ-ның негізгі бастамаларына белсене қатысқан. 2022 жылы ДДСҰ-мен ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасындағы AMR саясатын бағалау бойынша тәуелсіз сарапшы қызметін атқарды. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бас клиникалық фармакологы қызметінде клиникалық фармакология қызметін дамыту және дәрілік заттарды рационалды пайдалану бойынша стратегиялық бастамаларды алға тартты. Ол сондай-ақ министрліктің медициналық білім беру мен клиникалық практика сапасын жақсартуға бағытталған көптеген сараптамалық кеңестер мен комиссиялардың мүшесі болды.

Шолпан Сабатаевна — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Біріккен сапа комиссиясының мүшесі, Қарағанды облысының ОУЗ бас клиникалық фармакологы. Ол COVID-19 бойынша клиникалық протоколдар да кіретін 30-дан астам ұлттық клиникалық хаттамалардың авторы. 175 ғылыми еңбегі, оның ішінде 36 халықаралық мақала мен 4 оқулығы жарияланған. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Барлық ұжымымыз атынан әріптесімізді жоғары құрметпен құттықтап, әлемдік денсаулық сақтау саласына үлес қосуына тілектеспіз!
266

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026