Жаңалықтар

«Сарыарқа: Қарағанды медицина университеті 75 жыл белесінде» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.
«Сарыарқа: Қарағанды медицина университеті 75 жыл белесінде» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.
24 April 2025

«Сарыарқа: Қарағанды медицина университеті 75 жыл белесінде»

2025 жылдың 23 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Сарыарқа: Қарағанды медицина университеті 75 жыл белесінде» атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара университеттің 75 жылдығына арналып, білім алушылардың мәдени-рухани құндылықтарға қызығушылығын арттыру, студенттерді ұжымдыққа баулу, оларды патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында 1-ші және 2-ші курс студенттерінің қатысуымен өткізілді. Дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары арасында медицина ғылымдарының докторы, профессор Майда Масхаповна Тусупбекова, Тілдерді дамыту орталығының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Маретбаева Марина Абильжановна, медицина университеті клиникасының бас дәрігері м.а., медицина магистрі Семен Сергеевич Бобырев, Қарағанды медицина университетінің №2 хирургиялық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының докторы, Х.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығы жетекшісінің орынбасары, хирург-травматолог-ортопед Берик Еркебуланович Тулеубаев және университетіміздің декандары болды. Арнайы қонақ ретінде Астана қаласындағы ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасы директорының хирургия жөніндегі орынбасары, жоғары санатты нейрохирург Бердіқожаев Мыңжылқы Сайлауұлы телекөпір арқылы дөнгелек үстелге қатысты.

Орталық жетекшісі Марина Абильжановна дөңгелек үстелге қатысушыларды университеттің мерейтойымен құттықтап, сөз сөйледі. Іс-шара университет гимнімен басталды. Келесі кезекте Бердіқожаев Мыңжылқы Сайлауұлына студенттер телекөпір арқылы оның кәсіби қызметіне қатысты сұрақтар қойды. Кейін студенттер университет қонақтарымен денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі, жаңа технологиялар және медицинадағы жасанды интеллект тақырыптары бойынша белсенді пікір алмасты. Дөңгелек үстел барысында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің құрылу тарихы, оның дамуы, қазіргі жетістіктері мен болашағы туралы бейнеролик көрсетілді. Кеш соңында медицина факультетінің 2 курс студенті Ильясұлы Зейін «Рақмет саған, Туған ел» әнімен қонақтарды әсерлі сезімге бөледі. Іс-шара сонында қатысқан қонақтарға алғыс айтылып, студенттерге сертификаттар табысталды.

946

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026