Жаңалықтар
2024 жылдың 13-14-ші желтоқсан аралығында Өзбекстан Республикасы, Самарқанд қаласында медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «САМАРҚАНД–2020» V Халықаралық олимпиадасы өтті.
Халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру мен оны өткізудің негізгі мақсаты: медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша білімді ұсыну, сонымен қатар студенттердің оқу іс-әрекетіне қызығушылығын ояту және практикалық, сонымен қатар клиникалық дағдыларды көрсету, студенттердің алған білімдері мен дағдыларын практикалық іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктерін құру.
Олимпиада 3 бәсекелестіктен тұрды және оффлайн/онлайн форматта өткізілді.
- Бірінші кезең: (тестілеу).
- Екінші кезең: пән бойынша мәселе, ситуациялық есептерді шешу, практикалық дағдыларды бағалау).
Өткен олимпиада қорытындысы бойынша: Танас Айша, Медицина мектебінің 5 курс студенті (5-001 топ) жүлделі 1-орынға ие болды (онлайн қатысу); Байдавлетова Карина, медицина мектебінің 4 курс студенті студенті (4-025 топ) "Ішкі аурулар пропедевтикасы" пәні бойынша 3-ші орынды иеленді (онлайн қатысу); Бейсен Дарын Шәкенұлы, 5-курс студенті (5-029-топ) «Патофизиология» пәні бойынша жүлделі 3-орын иегері атанды.
Сонымен қатар, Мурсал Айғаным Ердосқызы, 7-004 топ медицина мектебінің студенті, «Best scientific work» номинациясын жеңді; Төлеген Дарын, медицина мектебінің 6 курс студенті "IN NOMINATION SCIENTIFIC APPROACH TO SOLVING PROBLEM" номинациясын, Қожабай Аружан Мәулетқызы, 5003 топ стоматология факультетінің студенті "Best Solution of a Situational Task", Жамалбек Санжар Әлімжанұлы, 5-022 топ медицина мектебінің студенті тәжірибелік дағдыларды үздік орындағаны үшін; Шайық Мерей Рашидқызы, 4017 топ медицина мектебінің студенті " Best Solution of a Situational Task" номинациясы, Қоныс Аяжан Әсілбекқызы, 4014 топ студенті “In nomination absolute champion” номинациясы, Турсынбай Түймебай, 4014 топ студенті “IN NOMINATION CLINICAL THINKING” номинациясы, Алмасбек Олжас Ертайұлы, 4021 топ студенті «Вest performance of practical skills» номинациясы, Қаиржан Диас Дарханұлы, 4021 топ студенті «In nomination rhetoric» номинацияларын қанжығаларына байлады.
Сондай-ақ олимпиада аясында КеАҚ ҚМУ Медицина мектебінің деканы, профессор Омарқұлов Бауыржан Кәденұлы СамММУ медициналық педагогика, мейірбике ісі және дәстүрлі медицина факультетінің 3, 4, 5 курс студенттеріне және профессорлық құрамына «Қазақстан Республикасындағы мейірбике ісі ғылымының дамуы және модернизациясы» атты шеберлік сабағын өткізді.
Қатысушы студенттерімізді алған нәтижелерімен құттықтаймыз, оларға шығармашылық даму мен жаңа жеңістер тілейміз!