Жаңалықтар
2023 жылдың 26 қазан айында Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының клиникалық базасында ішкі ауруларының профессоры Кабиева Сәуле Маутовна медициналық ЖОО-да оқытудың тиімді әдістері бойынша тренинг-семинар өткізді. Іс-шараға ішкі аурулары кафедрасының профессорлары, «Клиникалық фармакология және дәлелді медицина», «Педиатрия және неонатология» кафедраларының меңгерушілері, педиатрия корифейі, құрметті профессор Құлжахан Асылханқызы Кенжебаева қатысты.
Семинар 3 курстағы резидент-кардиологтардың қатысуымен «Жүрек тампонадасы» тақырыбын талдау негізінде өткізілді. Тренинг-семинар барысында әртүрлі әдістер ұсынылды: «Padlet» виртуалды тақтасын қолдануымен TBL (Team-Based-Learning), «Снежный ком/Қарлы кесек», СBL (Case-Based-Learning) әдісі арқылы тақырыптық талдау, карталардың көмегімен патогенезді құру, RBL (Research-Based-Learning) элементтері бар оқу-ғылыми конференция, «Аквариумдағы балық», клиникалық жағдайларға презентация және т.б.
«Снежный ком/Қарлы кесек» офлайн сұрастыру, карточкалардың көмегімен патогенез құру, CBL бойынша тақырыпты талдаудың бейне-презентациясы сияқты оқыту әдістемелері қатысушылардың қызығушылығын тудырды. RBL элементтері бар оқу-ғылыми конференциядағы постерлік сессия мен баяндама жасау өзекті болып танылды.
Біз-резиденттер, өткен оқу жылдарында сенімді білім қорын қалыптастыратын білім мен дағдылардың салмақты багажын алдық, ол болашақта біздің табысты жұмысымызға келтіреді. Тренинг-семинар барысында біз оқытушылардың білім беру үдерісіне қосқан жоғары үлесін түсіндік. Университетке, кафедра оқытушыларына бізді кардиолог ретінде болашақ өздік жұмысқа дайындау үдерісіндегі көп еңбегі мен шығармашылық көзқарасы үшін зор алғысымызды білдіреміз.
«10-004 Kar» тобының резиденттері
Серікова Ж.Е., Тохметова А.Қ.