Жаңалықтар

ҚР ДСМ «2025 ЖЫЛ – БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖЫЛЫ» ЖОСПАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ІС-ШАРАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ
ҚР ДСМ «2025 ЖЫЛ – БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖЫЛЫ» ЖОСПАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ІС-ШАРАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ
26 May 2025

ҚР ДСМ «2025 ЖЫЛ – БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖЫЛЫ» ЖОСПАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ІС-ШАРАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алқасы отырысының 2024 жылғы 22 қарашадағы шешіміне сәйкес және «2025 жыл — біліктілікті арттыру жылы» іс-шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде 2025 жыл бойы бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) мамандары, сондай-ақ медициналық ЖОО мен колледждердің профессор-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру циклдары ұйымдастырылады.

Жалпы тәжірибе дәрігерлерін оқыту стратегиясы (ЖТД)

Қазақстанның медициналық ЖОО-лары, ғылыми-зерттеу институттары мен ұлттық орталықтары «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен» (ДСДҰҒО) бірлесіп, жалпы тәжірибе дәрігерлерін модульдік оқытудың төрт жылдық стратегиясын әзірледі. Осы стратегия шеңберінде 12 модуль бойынша оқыту көзделген: төрт модуль 2025 жылы және одан кейінгі жылдардың әрқайсысында төрт модуль өткізілетін болады.

Әр модульдің ұзақтығы 240 академиялық сағат (4 апта), оқу форматы күндізгі және қашықтықтан. Оқыту жас мамандарды қолдау және олардың цифрлық құзыреттерін дамыту мақсатында 0 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жетекшілік ететін өңірлердің ЖТД дәрігерлері үшін жүргізіледі.

2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тақырыптық бағыттарды, әдістемелік материалдарды және білімді игеруді бағалау критерийлерін қоса алғанда, барлық 12 модуль бойынша білім беру бағдарламалары әзірленіп, бекітілді. 2025 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында Қарағанды медицина университетінде тоғыз модуль бойынша үш кезеңдік оқыту ұйымдастырылды және өткізілді. Келесі өңірлерден 56 жалпы тәжірибе дәрігері біліктілігін арттырудан өтті: Қарағанды облысы - 34 тыңдаушы, Қостанай облысы — 18 және Ұлытау облысы — 4 тыңдаушы.


 колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру

2025 жылдың 21 сәуірінен 23 мамырына дейін төрт модуль бойынша Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарының мемлекеттік және жеке оқу орындарынан медициналық колледждердің 24 оқытушысы оқудан өтті. Оқыту бағдарламасы 0 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар оқытушыларға бағдарланған және оқытудың заманауи инновациялық технологияларын, клиникалық дағдыларды қалыптастыру әдістемелерін және педагогикалық құзыреттілікті меңгеруді қамтыған.

Стратегияға сәйкес оқытудың келесі кезеңдері 2025 жылдың екінші жартысына жоспарланған. Толық ақпарат қосымша орналастырылады.

 

 

23799

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026