Жаңалықтар

Профессор В.В. Байковтың қатысуымен мастер-класс Мастер-класс тақырыбы
Профессор В.В. Байковтың қатысуымен мастер-класс  Мастер-класс тақырыбы
27 January 2025

Профессор В.В. Байковтың қатысуымен мастер-класс.

Мастер-класс тақырыбы: «Онкогематологиялық ауруларды патоморфологиялық диагностикалаудың заманауи тәсілдері».

Бұл мастер-класс ересектерге арналған «Гематология», «Патологиялық анатомия (цитопатология)» мамандықтары бойынша дәрігерлерге және «Гематология (ересек)», «Патологиялық анатомия» білім беру бағдарламалары бойынша 1-2 курс резиденттеріне арналды. Іс-шара «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ базасында ұйымдастырылды.

Мастер-класста Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, И.П. Павлов атындағы университеттің патоморфология зертханасының меңгерушісі, профессор В.В. Байков және дәрігер-патологоанатом А.А. Гусак өз тәжірибелерімен бөлісті.

Онкогематология саласындағы заманауи зерттеулер мен инновациялық технологияларды талқылау алдыңғы қатарлы әдістерді медициналық тәжірибеге жылдамырақ енгізуге ықпал етеді. Бұл қан ауруларымен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара 2024–2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының патологиялық анатомиялық қызметін жетілдіру бойынша жол картасы аясында және «Шақырылған профессор» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы: ішкі аурулар кафедрасының профессоры Л.Г. Тұрғынова.

Мұндай мастер-класстар дәрігерлер мен ғалымдардың арасында кәсіби байланыстар орнатуға, сондай-ақ заманауи білім мен тәжірибемен алмасуға ықпал етеді.

Автор:  кафедра меңгерушісі Л.М. Стабаева.

11041

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026