Жаңалықтар

PhD докторы дәрежесіне диссертация қорғау Ташметова Е.Р.
PhD докторы дәрежесіне диссертация қорғау Ташметова Е.Р.
29 November 2024
2024 жылғы 27 қарашада «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-та 8D10100 – Медицина білім беру бағдарламасы бойынша «Тромбоциттермен байытылған аутоплазманың сүйек графтымен біріктірілген әсері сүйек ақауының қалпына келу регенерациясына (эксперименттік зерттеу)» тақырыбында Ташметов Эльярбек Розматжановичтің философия докторы (PhD) дәрежесіне диссертация қорғауы өтті.

Диссертациялық кеңестің үлгі ережесіне сәйкес, кеңес отырысына уақытша мүше ретінде Қазақстан Республикасының жетекші мамандары қатысты:

PhD, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар ортопед-травматологы, Нейроортопедия бағдарламасының дәрігері, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының корпоративтік қоры, Астана қаласы, Надиров Нұрбек Надирович;
м.ғ.д., профессор, ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор, «Семей медицина университеті» КЕАҚ, Семей қаласы, Шабдарбаева Дария Мұратқызы;
PhD, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің проректорының м.а., Алматы қаласы, Фахрадиев Ильдар Рафисович.
Ғылыми кеңесшілер:

Камышанский Евгений Константинович – PhD, «Қарағанды медицина университеті» клиникасының патологоанатомиялық блогының меңгерушісі, Қарағанды, Қазақстан Республикасы.
Сағынова Дина Әзімқызы – PhD, академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының ғылым және білім орталығының басшысы, Астана, Қазақстан Республикасы.
Римашевский Денис Владимирович – м.ғ.к., Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің травматология және ортопедия кафедрасының доценті, Мәскеу, Ресей Федерациясы.
Құпия дауыс беру нәтижесінде диссертациялық кеңес Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Ғылым мен жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы ұсыныс жасады.

Диссертациялық кеңес докторантты және ғылыми кеңесшілерін сәтті қорғауымен құттықтап, әрі қарай табыстар тілейді!

Стабаева Лейла Медеубаевна,
Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, PhD.





407

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026