Жаңалықтар

«Отбасылық медицина» кафедрасының интерндері Халықаралық ғылыми студенттік үйірмеге қатысуы
«Отбасылық медицина» кафедрасының интерндері Халықаралық ғылыми студенттік үйірмеге қатысуы
18 March 2026
2026 жылдың 12 наурызында Самарканд мемлекеттік медицина университеті мен «ҚМУ» КеАҚ кафедралары арасында Халықаралық ғылыми студенттік қоғамының (СҒҚ) отырысы өтті. Онлайн форматта өткен СҒҚ отырысына Самарканд мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетінің ішкі аурулар кафедрасының және «ҚМУ» КеАҚ «Отбасылық медицина» кафедрасының оқытушылары мен 6-5 курс интерндері қатысты. СҒҚ тақырыбы «Дәнекер тіннің жүйелі аурулары: ерте диагностикалау мен ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні емдеу принциптері. Клиникалық жағдайды талдау мен науқастарды жүргізу әдістері». 6030 топ интерні Тұрар Ерлан Мұратбекұлы баяндамамен сөз сөйледі. Ғылыми жетекшісі – отбасылық медицина кафедрасының ассистент –профессоры Батырбекова Лазат Сарсенбаевна.
Баяндама барысында Ревматоидты артриттер мен жүйелі қызыл жегінің негізгі диагностикалық критерилері, жіктелу ерекшеліктері, ағымы мен диспанеризациясы мен науқастарды реабилитациялауға көп көңіл бөлінді. Ревматология бөлімінің ординатор дәрігері де өз тәжірибелерімен бөлісті. Халықақаралық СҒҚ отырысы барысында интерндерге сұрақтар қойылып, олардың клиникалық ойлауы шыңдалды.
336

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026