Жаңалықтар

Омертаева Динара Ерғалиқызының философия докторы (PhD) дәрежесіне диссертация қорғауы
Омертаева Динара Ерғалиқызының философия докторы (PhD) дәрежесіне диссертация қорғауы
29 November 2024

2024 жылғы 27 қараша күні сағат 15:30-да «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да Динара Ерғалиевна Өмертаеваның «Жүктіліктің үшінші триместрінде преэклампсия дамуының болжамдық моделі» тақырыбындағы диссертациясын «6D110100 – Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін қорғауы өтті.

Қатысушылар:

Типтік диссертациялық кеңес ережесіне сәйкес, қорғау барысында Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдің жетекші мамандары қатысқан:

  • Светлана Юрьевна Шиканова, медицина ғылымдарының кандидаты, «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» КеАҚ акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, Ақтөбе қ.
  • Салтанат Кенесқызы Туғанбекова, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР бас штаттан тыс нефрологы, «Астана медицина университеті» КеАҚ №4 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, Астана қ.
  • Сәуле Шәйкенқызы Исенова, медицина ғылымдарының докторы, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің №2 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ.

Ғылыми жетекшілер:

Лариса Евгеньевна Муравлева, биология ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.

Дмитрий Анатольевич Клюев, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Өмір туралы ғылымдар институтының директоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.

Ольга Анатольевна Понамарева, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ биомедицина кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.

Ахмет Кизилтунч, философия докторы (PhD), профессор, Эрзурум қаласындағы Ататүрік университетінің биохимия кафедрасының меңгерушісі, Түркия.

Қорытынды:

Жасырын дауыс беру нәтижесінде, диссертациялық кеңес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы өтініш жолдады.

Диссертациялық кеңес докторант пен ғылыми жетекшілерді сәтті қорғауымен құттықтайды және одан әрі табыс тілейді!

Стабаева Лейла Медеубаевна,
Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, PhD.



728

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026