Жаңалықтар

Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі
Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі
14 July 2025

Қ

оғамдық денсаулық сақтау мектебінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі

Қарағанды медицина университетінде Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті. Биылғы жылы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі келесі білім беру бағдарламалары бойынша түлектерді дайындады:
• 7М10119 - Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура) - 6 магистрант;
• 7М10103 - Медициналық-профилактикалық іс (профильдік бағыттағы магистратура) - 1 магистрант;
• 6В10111 - ІТ-медицина (бакалавриат) - 5 түлек;
• 6В10106 - Қоғамдық денсаулық сақтау (бакалавриат, толық оқу курсы) - 12 түлек;
• 6В10106 - Қоғамдық денсаулық сақтау (қысқартылған оқу түрі) - 23 түлек.



Салтанатты рәсімге университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы мен қонақтар қатысты. Салтанатты рәсім барысында түлектердің жүздерінен қуаныш пен мақтаныш сезімін байқауға болатын еді. Әр диплом - тек білім құжаты ғана емес, сонымен қатар қажырлы еңбектің, ұстаздардың қолдау мен қамқорлығының, ата-аналардың сенімінің нәтижесі. Айрықша мақтанышымыз - «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті үздік диплом иегері атанды. 

 Университет басшылығы өз құттықтау сөздерінде түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, олардың жетістіктері - бүкіл оқу орны үшін үлкен абырой екенін атап өтті. Сондай-ақ түлектерге қай салада болмасын өздерін жоғары кәсіби деңгейде көрсететініне сенімді. Олар - елдің денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосатын болашақ мамандар екенін атап өтті. 

478

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026