Жаңалықтар
Нейрореабилитациядағы мейіргерлік білім беру мектебінің жетістіктері
Профессор С.Қ. Қайшыбаевтың 90 жылдығына және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 95 жылдығына арналған «Клиникалық, эксперименталды неврология, нейрохирургия және нейрофизиологияның өзекті мәселелері» атты XXVI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарынан спикерлердің баяндамалары айтылды. «ҚМУ» КеАҚ атынан «ҚР 500 ғалымы» конкурсының жеңімпазы м.ғ.д., профессор Т.Т. Киспаеваның Ұлыбританияда нейрореабилитация бойынша ғылыми тәжірибеден өту нәтижелері туралы баяндама ұсынылды. Конференцияның ұйымдастыру комитеті мен ҚР Неврологтарының Ассоциациясы Т.Т. Киспаеваны Қазақстан неврологиясының дамуына қосқан зор үлесі, жоғары білікті мамандар даярлау және неврологиялық патологиясы бар науқастарға көмек көрсету бойынша сертификатпен марапаттады.
Конференция аясында Жас ғалымдар мектебінің секциясы ұйымдастырылып, МБМ магистранттары Батаа Ботагөз бен Жексенбаева Альбина келесі тақырыптарда баяндамалар жасады: «Церебральды инсульттен кейінгі оңалтудың проприоцептивті нейробұлшық еттік фасилитацияны өзін-өзі басқару әдістерімен біріктірудің тиімділігі», «Кинезотерапияны өзін-өзі басқару әдістерімен біріктіре отырып, жүру дағдысын қалпына келтіру».
Баяндамалар конференция қатысушылары арасында қызу талқыланып, өзекті және практикалық маңыздылығы үшін жоғары бағаланды. Батаа Ботагөз II дәрежелі дипломмен марапатталып, 2-орынды иеленді.
Жас ғалымдар өз тақырыптарына терең түсінік пен қазіргі медицинадағы өзекті мәселелерді шешуде жаңашыл көзқарастарын көрсетті. Конференция неврология, нейрохирургия және нейрофизиология саласындағы тәжірибе алмасу мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.