Жаңалықтар
Нефрологияның заманауи мүмкіндіктері және басым бағыттары
12 December 2025
2025 жылы 4–5 желтоқсанда Алматы қаласында «Нефрологияның заманауи мүмкіндіктері және басым бағыттары» атты Орталық Азия нефрологтар конгресі өтті. Іс-шара Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қытай елдерінің жетекші мамандарын біріктірді. Конгресс нефрология саласындағы өзекті ғылыми жетістіктерді талқылауға, клиникалық тәжірибені жетілдіруге және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаң ретінде ерекшеленді.
Конгресс барысында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-тың өкілдері – ішкі аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры И.В. Бачева және кафедра профессоры Л.К. Ибраева «Пульмо-кардио-ренальды континуум: ағзалар арасындағы өзара әрекеттесудің жаңа аспектілері» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
Сонымен қатар, И.В. Бачева ғылыми секциялардың және жас ғалымдар байқауының модераторы қызметін атқарды.
Жас ғалымдар байқауының қорытындысы бойынша ҚМУ қатысушылары келесі номинациялар бойынша марапатталды:
• «Нефрология саласындағы перспективті жас ғалым» – интерн Э.Р. Сүлейманова («Бірінші буын дәрігерлерінің созылмалы бүйрек ауруы туралы хабардарлық деңгейі» тақырыбындағы баяндамасы үшін);
• «Нефрология саласындағы перспективті зерттеуші» – 2-курс резиденті Г.Б. Хамраева («Уремиялық қышу: өмір сапасына әсері және терапиялық стратегиялар» тақырыбындағы баяндамасы үшін);
• «Ғылыми жаңашылдық және түпнұсқалық» – О.С. Классен («ӨСОА және
ЖСД-ӨИА бар науқастардағы бүйрек функциясының үш жылдық динамикасы» тақырыбындағы баяндамасы үшін).
Университет делегациясының белсенді және нәтижелі жұмысы ҚМУ-дың кәсіби әлеуетінің жоғары деңгейін, сондай-ақ нефрологияның ұлттық және халықаралық деңгейде дамуына үлес қосуға дайындығын көрсетті.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026