Жаңалықтар
ҚМУ және «Медицина жастары» - ынтымақтастық туралы меморандум
11 November 2025
Қарағанды медицина университеті мен «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын қуана хабарлаймыз.2019 жылы құрылған «Медицина жастары» ұйымы бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бөлігіне айналды. Осы уақыт ішінде ұйым медициналық волонтерлік саласында мол тәжірибе жинақтап, көптеген табысты әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды.
«Волонтерлік – маңызды қоғамдық қозғалыс. Волонтерлер – өмірлік және медициналық қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмектесетін жас жандар. Студенттік кезден бастап осындай бастамаларға қатысу – болашақта білікті әрі жанашыр дәрігер болуға жол ашады», – деп атап өтті ҚМУ Басқарма Төрағасы – Ректор Бахыт Нұрғалиқызы Кошерова.
.png)
.png)
Волонтерлер келесі бағыттар бойынша өз үлестерін қосып келеді: мүмкіндігі шектеулі науқастарды қолдау және медициналық мекемелерде сүйемелдеу; хоспистерде көмек көрсету; қарт адамдарға, онкологиялық науқастар мен балаларға психологиялық қолдау; эмоционалдық күйзелісті азайтып, жалғыздық сезімін төмендетуге бағытталған көмек; халық арасында салауатты өмір салты, репродуктивті денсаулық, вакцинация тақырыптарында ағартушылық дәрістер жүргізу; алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тренингтер мен волонтер-медиктер мектебін ұйымдастыру.
«Бұл – өзін дамытуға, эмпатия, жауапкершілік және коммуникация дағдыларын қалыптастыруға арналған бірегей алаң. Ең бастысы – алғашқы курстан бастап кәсіби жолға қадам басу мүмкіндігі», – деді қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдіраш Абылайхан.
Волонтерлердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында тимбилдингтер, форумдар және студенттік қауымдастық ішіндегі ортақ жобалар тұрақты өткізіліп келеді.
Қол қойылған меморандум ҚМУ студенттерінің бастамаларына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Біз барлық студенттерді «Медицина жастары» қозғалысына қосылуға шақырамыз! Бірге қоғам денсаулығын жақсартуға үлес қосып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, кәсіби тәжірибемізді бүгіннен бастап қалыптастырайық!
Барлық сұрақтар бойынша Қарағанды қаласындағы жетекші - Әбдіманап Майра +7 707 327 90 14
.png)
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026