Қарағанды медицина университеті мен Йулиу Хациегану атындағы медициналық-фармацевтикалық университеті (UMF Cluj) (Румыния) арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.
Университеттер арасындағы алғашқы қызығушылық 2018 жылы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы байқалды. Білім беру және ғылыми процестерді дамытуға ықпал ететін бірқатар маңызды бағыттар бойынша жаңа келісімдер Қарағанды облысының делегациясының Клуж-Напока қаласына (Қарағандының бауырлас қаласы) жасаған жақында сапары барысында жасалды. Қарағанды медицина университетінің атынан стратегиялық даму жөніндегі проректор Виктор Риклефс қатысты.
«Бүгінгі таңда фармацевтика саласындағы білім беру бойынша ынтымақтастық біздің басымдықтарымыздың бірі болып отыр», – деді В. П. Риклефс Румыниялық әріптестерімен қарым-қатынастың болашағы туралы ойымен бөлісе отырып. «Мен олардың білім беру технологияларындағы қызықты жетістіктерін көрдім, бірақ бұл бағытта біздің де бөлісетін дүниелеріміз бар. Әрине, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында алмасу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Сонымен қатар, биоинформатика, геномика және биомедицина, сондай-ақ дәрілік заттардың доклиникалық және клиникалық сынақтары саласындағы бірлескен зерттеулер қызықты бағыттардың бірі болып табылады».
Сапар нәтижесінде 2025 жылы Қарағанды облысы аумағында екі елдің кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру және өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.