Жаңалықтар
ҚМУ-нің екі білім беру бағдарламасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингінде жетекші орындарға ие болды
2024 жылы Қарағанды медицина университетінің білім беру бағдарламалары ұлттық рейтингте жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді, бәсекелестерінен озып шықты.
Биология (ғылым) — 17-нің 1-і
Қоғамдық денсаулық сақтау — 8-дің 1-і
Стоматология — 8-дің 2-сі
Мейіргерлік іс — 6-ның 2-сі
Фармация — 8-дің 2-сі
Фармацевтикалық өндіріс технологиялары — 7-нің 2-сі
Жалпы медицина — 9-дың 4-і
Рейтинг туралы:
ЖОО рейтингісінің негізгі мақсаты — білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауға мүмкіндік беру арқылы талапкерлерді, олардың ата-аналарын және жұмыс берушілерді ақпараттандыру.
2024 жылы 100 сарапшы 2051 білім беру бағдарламасын бағалады. Негізгі критерийлер:
Бағдарламалардың сапасы,
Студенттердің жетістіктері,
Түлектердің сұранысқа ие болуы,
Университеттердің жалпы көрсеткіштері.
Айта кетерлігі, 2024 жылы түлектердің орташа жұмысқа орналасу уақыты 3,3 айды құрады.