Жаңалықтар
ҚМУ Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасындағы Ғылыми-білім беру Консорциумына кірді
10 November 2025
«ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы Ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының X отырысының жұмысына қатысты. Отырыс келесі алаңдарда өтті:
Беларусь ұлттық техникалық университеті (БҰТУ),
Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті (БМТУ),
Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университеті (БМИРУ),
М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті (М. Танк атындағы БМПУ).
.png)
.png)
Осы консорциумның мүшелері Қазақстан мен Беларусьтің жетекші жоғары оқу орындары болып табылады. «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Х отырысының жұмысы барысында консорциумның құрамына ресми түрде кірді, бұл бірлескен ғылыми жобаларды, академиялық алмасуларды және инновациялық өзара іс-қимылды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Б.Н.Көшерова форум аясында Беларусь мемлекеттік медицина университетінің, Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінің ректорларымен кездесулер өткізді, кездесу барысында академиялық және ғылыми әріптестік мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қарағанды медицина университеті мен Беларусь мемлекеттік медицина университеті арасында білім, ғылым және академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
ҚМУ-нің осы форумға қатысуы серіктестік байланыстарды нығайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026