Жаңалықтар

ҚМУ қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Нашақорлық-тұрақтылыққа төнген қатер» атты семинары өтті.
ҚМУ қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Нашақорлық-тұрақтылыққа төнген қатер» атты семинары өтті.
22 September 2025
ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі-ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызы Шанай, сондай-ақ Қазақстан облыстарының Аналар кеңесінің басшылары Қарағанды медицина университетінде болып, «Нашақорлық – тұрақтылыққа төнген қатер» семинарына қатысқан болатын.



Сапар барысында делегаттар ҚМУ ұжымдық пайдалану зертханасының қан құрамындағы есірткі заттарын талдау мен анықтаудың заманауи технологияларын қолданатын жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, қонақтарға заманауи жоғары технологиялық Робот-симуляторлардың көмегімен жүкті әйелге, жаңа туған нәрестеге және жасөспірімге есірткіден улану жағдайында шұғыл көмек көрсету әдістері көрсетілді.



- Біздің университет болашақ дәрігерлерді дайындап қана қоймайды, сонымен қатар студенттердің салауатты өмір салтын ұстанатын, қоғамның әлеуметтік кемшіліктерге қарсы иммунитетін нығайтатын азаматтық миссиясы туралы хабардарлығын қалыптастырады,-деп атап өтті Басқарма Төрағасы-Ректор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова.



Қарағанды медицина университеті бүгінде нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды ғылыми және білім беру бағдарламасын іске асыруда. ҚМУ-да зертханалық зерттеулер дамуда, диагностика мен профилактиканың инновациялық әдістері енгізілуде, жаңа буын мамандары — дәрігерлер, психологтар, аддиктологтар заманауи уақыт талаптарын ескере отырып даярланады.

278

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026