Жаңалықтар
«Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжі» КМК базасында Қарағанды облысының медициналық колледждерінің оқытушылары арасында «Мейіргер білімінің заманауи инновациялық аспектілері және мейіргер ісінің сапасын арттыру» тақырыбында М.С. Рахымбеков атындағы ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Бұл конференцияның мақсаты педагог қызметкерлердің ғылыми-әдістемелік әлеуетін дамыту, педагогтердің ғылыми-зерттеу және жобалау қызметін ынталандыру болып табылады.
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ мейіргерлік білім беру мектебінің оқытушысы Н.Ж. Мусинова «Мейіргер мамандарын даярлауда ҚР-дағы өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығының заманауи бағдарламасының рөлі» атты баяндамамен сөз сөйледі. Өз сөзінде орта медициналық буынның бәсекеге қабілетті маманын даярлауда репродуктивті денсаулықты қорғаудың заманауи бағдарламаларының ақпараттық технологияларына және оларды іске асыруға белсенді қатысуға назар аударды.
Конференция барысында оқытушылар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу кезінде педагогтердің тиімді кәсіби өзара іс-қимылы үшін ақпараттық кеңістік қалыптастырды.