Жаңалықтар

Мейірбикелік білім беру мектебін бітіру
Мейірбикелік білім беру мектебін бітіру
4 July 2025

2025 жылғы 2 шілдеде Қарағанды медицина университетінің Акт залында Мейіргерлік білім беру мектебінің түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті.

Бұл маңызды шараға университет оқытушылары, түлектер, ата-аналар мен құрметті қонақтар қатысты. Бакалавриат «Мейіргер ісі» және техникалық және кәсіптік білім беру: «Емдеу ісі», «Ортопедиялық стоматология», «Фармация» бағдарламаларының түлектері дипломдарын алды.

Салтанатты кеште стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Виктор Петрович Риклефс және Мейргерлік білім беру мектебінің деканы Ауэз Рашидович Айтмагамбетов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, оқытушылардың жылы лебіздері мен түлектердің жүрекжарды алғыстары да айтылды.

2025 жылғы барлық түлектерді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа өмір жолдарыңыз сәтті, кәсіби жетістіктерге толы болсын!

9080

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026