Жаңалықтар

Мектептер спартакиадасы
Мектептер спартакиадасы
22 April 2022

2022 жылдың 12-15 сәуір аралығында Қарағанды медицина университетінде Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған мектептердің студенттік спартакиадасы өтті.

Жарыс бағдарламасына келесі спорт түрлері енді: арқан тарту, гір спорты, баскетбол (ерлер, әйелдер), волейбол (ерлер, әйелдер), ату, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, үстел теннисі.

Жарысқа университеттің барлық мектептері: Медицина, Мейіргерлік білім беру, Стоматология, Қоғамдық денсаулық және биомедицина, Фармация және халықаралық медицина факультеті белсене қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

Медицина мектебі - I орын,

Стоматология мектебі - II орын,

Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебі - III орын,

Мейіргерлік білім беру мектебі – IV орын,

Халықаралық медицина факультеті - V орын,

Фармация мектебі - VI орын.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және табыс тілейміз!

317

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026